АЛҒЫ СӨЗ

«Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар:
​ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек,
​одан соң – тәртіп керек.

М.Әуезов

Құрметті оқушы!

   «Информатика» – күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын тиімді пайдалануға үйрететін өте қажетті әрі қызықты пән. Сен компьютер құрылысын, оны басқару тетіктерін меңгере отырып, қолданбалы программалармен дұрыс жұмыс істеуді, түрлі ақпараттарды өңдеуді және оларды қолдануды, сақтауды, тасымалдауды үйренесің.
   Бұл оқулық арқылы компьютер құрылғыларын, компьютерлік желілерді, ақпаратты ұсыну және өлшеуді, электрондық кестелермен жұмыс істеуді Python тілінде тармақталу алгоритмдерін программалауды білетін боласың.
   ​Сондай-ақ игерген жаңа біліміңді тәжірибеден өткізе отырып, түрлі сұрақтарға жауап табуға, бірлесіп ортақ тұжырым жасауды үйренесің. Тапсырмаларды орындау арқылы ақпараттық-коммуникативтік сауаттылығыңды жетілдіруге мүмкіндік аласың.
   ​Сен компьютерде алгоритмдеуді, модельдеуді, жобалауды үйренесің. Берілген ақпаратқа жан-жақты талдау жасап, оны қорытып, өмірде қолдану үшін үлгі жобаларыңды ұсынатын боласың.
   ​«Информатика» пәнінде алған білімдеріңді болашақта өзің қалаған мамандықта (зерттеуші-ғалым, бизнесте, IT мамандығында, дизайнер саласында, ұстаздық етуде, роботтехника мамандығында, сәулет өнерінде, кәсіпкерлік салада, ауылшаруашылықта, қолөнерде т.б.) қолдана аласың.
   ​Сен жан-жақты білім алу үшін ынта мен ықылас, зейін мен табандылық қажет екенін есіңнен шығарма!

Біз, авторлар, саған оқуда табыс!

Өтінемін күте тұрыңыз