ҚҰРМЕТТІ ОҚУШЫ!
«Информатика» пәні – бастауыш сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (АКТ) пәнінің жалғасы. Информатика (ағылш. Computer science; фор. informatique) – компьютер және басқа да техникалық құрылғылардың көмегімен ақпаратты алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу жолдарын зерттейтін ғылым саласы.
Сен «Информатика» пәнін оқу барысында қоршаған ортадағы ақпараттың түрлерімен танысып, ақпарат беру, шифрлау, ақпаратты екілік кодта ұсыну жолдарын үйренесің. Компьютерлік графиканың негізгі элементтеріне жататын векторлық және растрлық графикамен, олармен жұмыс істеуге арналған программалармен танысасың.
Өткен оқу жылында АКТ бойынша алған біліміңді одан әрі дамыта отырып, «Lego Mindstorms EV3» роботы жинағына енетін гироскопиялық датчик жұмысын үйренесің. Роботтехника жарыстарында сызық бойымен жүретін, робо-сумо жарыстарына қатысатын робот жобасын құрастырып, роботқа арнап программа жазасың.
Компьютерде жұмыс істейтін әр пайдаланушы үшін ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы ерекше. Интернетте қауіпсіз жұмыс істеуді, плагиатқа жол бермеуді, интернеттен көшірілген ақпаратқа
нұсқама беруді үйренесің. Компьютерді пайдаланушы ретінде мәтіндік редакторда жасаған файлдарыңды қорғау жолдарын білетін боласың. Сонымен қатар желіде сыныптастарың, таныстарың, достарыңмен ортақ бумада орналасқан файлдармен бірлесе жұмыс істеуді меңгересің.
«Информатика» пәнінің соңғы тақырыптарында жобаның түрлерімен, жоба дайындаумен оны көпшілік ортада қорғау әдістерімен танысасың. Берілген тақырыптар бойынша жоба жұмыстарын дайындайсың.
Бұл оқулықтың CD қосымшасы мен электрондық нұсқасы бар.
«Информатика» пәнін оқуда ынта мен жігер, ықылас пен зейінділік таныт.
Біз, авторлар, саған сәттілік тілейміз!

- Қызметті Star Cloud LLC жүзеге асырады
- Қазақстан, 050012, Алматы қаласы, Жамбыл к-сі, 111
- Қолдау қызметі:
- +7 708 972 4258
+7 708 972 4259 - +7 707 998 5829
ruslan@starcloud.ee - Баспаның сауда департаменті:
+7 771 409 0411